08.03.2026 13:01
Беллингем «Манчестер Ситиге» қарсы ойнауы мүмкін
08.03.2026 13:01
«Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің жағдайы белгілі болды

22 жастағы англиялық ойыншы «Райо Вальеканоға» (2:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді. Осыған байланысты алғашында наурыз айына дейін алаңға шыға алмайды деп күтілді.
Бірақ Diario AS хабарлауынша, Джуд жарақатынан ойлағаннан да әлдеқайда жылдам айығып келе жатыр. Ол осындай қарқынмен 11 наурызда Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясында өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы бірінші ойынға дайын болуы бек мүмкін.
Беллингем осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.