09.03.2026 00:10

«Рома» «Дженоаға» есе жіберді

09.03.2026 00:10

Италия А Сериясының 28-турында «Рома» сырт алаңда «Дженоаға» жол берді

Генуяда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Жуниор Мессиас пен Витинья мергендік танытты. Ал Рим клубының жалғыз голын Обите Н'Дика соқты. Осылайша «джаллоросси» 51 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында қалды.

Джан-Пьеро Гасперинидің шәкірттері келесі турда 15 наурыз күні «Комоға» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Еуропа лигасының 1/8 финалы аясында «Болоньямен» алғашқы матчты өткізеді.

Айта кетейік, «Дженоа» бас бапкері қызметін 6 қазаннан бері Даниэлэ Де Росси атқарады. 42 жастағы маман футболшы ретіндегі мансабының 18 жылын (2001-2019) дәл осы «Ромаға» арнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram