08.03.2026 23:24

«Ливерпуль» ойыншысы «Реалға» ауысуы мүмкін

08.03.2026 23:24

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер «Реалға» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Мадридтің клубы 27 жастағы аргентиналық ойыншыны өз қатарынан көргісі келеді.

Қазіргі таңда Алексис пен «Ливерпуль» арасында 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. Мұны оның әкесі Карлос Мак Аллистер растайды.

Мак Аллистер Мерсисайдтың клубына 2023 жылдың жазында «Брайтоннан» 42 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram