15.02.2026 23:48
«Хартс» «Рейнджерске» есе жіберді
15.02.2026 23:48
Шотландия Премьершипінің 27-турында «Хартс» сырт алаңда «Рейнджерске» 2:4 есебімен есе жіберді

Бұл матчта «Хартс» намысын қорғайтын отандасымыз, 26 жастағы вингер Ислам Чесноков ойынды алғашқы минуттан бастап, бірінші таймнан кейін алаңдағы орнын босатты.
Бірақ бұған қарамастан Исламның командасы «Хартс» турнир кестесінде 57 ұпаймен көш басында қалады. Енді «жүректер» келесі турда 21 ақпан күні «Фолкиркті» қабылдайды.
Айта кетейік, Чесноков «Хартсқа» 6 қаңтар күні «Тобылдан» ауысып келіп, 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған еді. Ол содан бері үш матч өткізіп үлгерді, бірақ әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.