15.02.2026 23:05
«Атлетико» «Райо Вальеканоға» оңбай жеңілді
15.02.2026 23:05
Испания Ла Лигасының 24-турында «Атлетико» сырт алаңда «Райо Вальеканоға» есе жіберді

Леганесте өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Фран Перес, Оскар Валентин және Нобель Менди гол соқты.
Осылайша «матрасшылар» турнир кестесінде 45 ұпаймен төртінші орында қалды.
Диего Симеоне шәкірттері келесі турда 21 ақпан күні «Эспаньолды» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Брюггеге» қонаққа барады.