15.02.2026 18:13

АПЛ клубына бас бапкер тағайындалды

15.02.2026 18:13

Витор Перрейра «Ноттингем Форест» бас бапкері атанды

57 жастағы португалиялық маман «орманшылармен» 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Перрейраның соңғы клубы «Вулверхэмптон» болған еді. Ол 2 қарашадан бері жұмыссыз жүр. Ал «Ноттингем Форест» осыған дейінгі бапкері Шон Дайчты 12 ақпан күні орнынан алып тастады.

26 турдан кейін 27 ұпай жинаған «Ноттингем Форест» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram