15.02.2026 21:17
Зинченко ауыр жарақат алды
15.02.2026 21:17
«Аякс» қорғаушысы Александр Зинченко жарақат алды

29 жастағы украин ойыншысы «Фортунаға» (4:1) қарсы матчта сол аяғының тізесін оңбай зақымдап алды. Осыған байланысты ол маусым соңына дейін қатардан шығуы мүмкін. Ал нақты қашан оралатыны дүйсенбі күні болатын медициналық тексерістен кейін анықталады.
Зинченко Амстердамның клубына 2 ақпан күні «Арсеналдан» 1,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Бұл оның «Аякс» сапындағы небәрі екінші матчы болды.