15.02.2026 23:27

«Арсенал» ірі есеппен жеңіске жетті

15.02.2026 23:27

Англия кубогының 1/16 финалында «Арсенал» өз алаңында үшінші дивизионның клубы «Уиганды» 4:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде Нони Мадуеке, Габриэль Мартинелли және Габриэль Жезус мергендік танытты. Сондай-ақ Джек Хант автогол авторы атанды.

Микель Артетаның шәкірттері келесі кездесуін 18 ақпан күні АПЛ 31-туры аясында «Вулверхэмптонға» қарсы қонақта өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram