07.09.2025 12:17

Харри Кейн Эшли Коулды шаң қаптырды

07.09.2025 12:17

«Бавария» ойыншысы Харри Кейн Англия құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылардың қатарына қосылды

Кеше, 6 қыркүйек күні «үш арыстандар» ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Андорраны (2:0) жеңді.

Кейн аталған кездесуде ұлттық құрамадағы 108-ойынын өткізіп, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Осылайша, 32 жастағы шабуылшы бұл көрсеткіш бойынша Эшли Коулды (107) басып озып, Бобби Мурмен (108) теңесті. Ал рейтингтің алдыңғы қатарында Стивен Джеррард (114), Дэвид Бекхэм (115), Уэйн Руни (120) және Питер Шилтон (126) орналасқан.

Кейн ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылдың наурыз айында жасаған болатын. Осы аралықта жалпы 73 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Томас Тухель шәкірттері келесі ойынын ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Сербияға қарсы сырт алаңда өткізеді. Матч 9 қыркүйекке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram