30.08.2025 23:59
«Бавария» «Аугсбургтан» басым түсті
30.08.2025 23:59
Германия Бундеслигасында «Бавария» қонақта «Аугсбургты» тізе бүктірді
2-тур аясында өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді.
Мюнхендіктер сапында Серж Ганбри, Луис Диас және Майкл Олисе гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша «Бавария» 6-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш бастады. Бұған дейін, алғашқы турда «Лейпцигтің» (6:0) тас-талқанын шығарған еді.
Венсан Компани шәкірттері келесі кездесуін «Гамбургке» қарсы өткізеді. «Альянц Аренада» болатын матч 13 қыркүйекке жоспарланған.