30.08.2025 20:42

Джексон «Баварияға» ауыспайтын болды

30.08.2025 20:42

«Челси» Николас Джексонның трансферінен бас тартты

The Athletic мәліметінше, Джексон мюнхендіктермен келісімшартқа қол қою үшін Германияға жеткен.

Алайда, «көктер» Лиам Делаптың жарақат алуына байланысты сенегалдық шабуылшыны дереу Лондонға қайтармақ. Делап шамамен екі айдай уақытқа қатардан шықты.

Осыған дейін «Бавария» «ақсүйектермен» футболшыны бір маусымға жалға алу туралы келісімге келген еді.

Айта кетейік, Джексон АПЛ өткен маусымында 30 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram