30.08.2025 19:14

«Челси» сенімді жеңіске жетті

30.08.2025 19:14

Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында «Челси» «Фулхэмнен» басым түсті

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

«Көктер» сапында Жоао Педро есеп ашса, Энцо Фернандес пенальтиден гол соқты.

Осылайша, лондондық клуб жетінші ұпайын еншілеп, live-кестеде көш басына көтерілді. Бұған дейін «Челси» «Кристал Пэласпен» (0:0) тең ойнаса, «Вест Хэмді» (5:1) ойсырата жеңген еді.

Энцо Мареска шәкірттері келесі турда «Брентфордке» қонаққа барады. Аталған кездесу 14 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram