28.08.2025 23:44
Гарначо «Челси» ойыншысы атанады
28.08.2025 23:44
Алехандро Гарначо «Манчестер Юнайтедтен» «Челсиге» ауысады
Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап 2032 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
Трансфер құны шамамен 40 млн фунт стерлингті құрайды. Сондай-ақ, лондондық клуб келесі сатылымның 10 пайызын манкуниандықтарға береді.
Гарначо «Манчестер Юнайтед» үшін 2020 жылдан бері тер төкті. Осы аралықта жалпы 144 ойын өткізіп, 26 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді.