28.08.2025 02:01
«Бавария» Германия кубогын жеңіспен бастады
28.08.2025 02:01
«Бавария» Германия кубогының 1/32 финалы аясында «Вехенді» қапы қалдырды
Сырт алаңда өткен кездесуде мюнхендіктер Германияның үшінші лигасында ойнайтын клубты 3:2 есебімен жеңді.
Ойынның 16-минутында Харри Кейн пенальтиден гол соғып, есеп ашты. Артынша, 51-минутта Майкл Олисе таблодағы көрсеткішті еселеді. Алаң иелері сапында бұл екі голға Фатих Кая жауап қатты. Жергілікті футболшы 64 және 69-минуттарда қақпаны дәл көздеді. Алайда, матчтағы жеңіс голын 90+4-минутта Кейн соғып кетті.
Осылайша, Венсан Компани шәкірттері турнирдің 1/16 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, «Бавария» келесі ойынын Бундеслига аясында «Аугсбургке» қарсы сырт алаңда өткізеді. Аталған матч 30 тамызға жоспарланған.