10.09.2025 11:56
Харри Кейн Бобби Мурды басып озды
10.09.2025 11:56
«Бавария» ойыншысы Харри Кейн Англия құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылардың қатарына қосылды
Түнеугүні «үш арыстандар» ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Сербияны (5:0) ойсырата жеңді.
Кейн аталған кездесуде ұлттық құрамадағы 109-ойынын өткізіп, бір гол соқты.
Осылайша, 32 жастағы шабуылшы ұлттық командадағы ойындар саны бойынша Бобби Мурмен (108) теңесті. Ал рейтингтің алдыңғы қатарында Стивен Джеррард (114), Дэвид Бекхэм (115), Уэйн Руни (120) және Питер Шилтон (126) орналасқан.
Кейн ұлттық құрамадағы дебютін 2015 жылдың наурыз айында жасаған болатын. Осы аралықта жалпы 74 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Томас Тухель шәкірттері ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Албания, Сербия, Латвия, Андоррамен бірге К тобында бақ сынап жатыр. Бес ойыннан кейін 15 ұпай жинаған ағылшындар турнир кестесінің көш басында келеді.