08.09.2025 22:08
Қазақстан Англияға жол берді
08.09.2025 22:08
Қазақстан U21 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында англиялық қатарластарына есе жіберді
Ақтөбедегі Қобыланды Батыр атындағы орталық стадионда өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Ағылшындар сапында Итан Нванери мен Джоб Беллингем гол соқты.
Осылайша, екі ойында үш ұпай жинаған ел құрамасы D тобында бесінші орынға жайғасты. Отандастарымыз алғашқы матчта Андорраны 1:0 есебімен жеңген еді.
Денис Мамонов шәкірттері келесі ойынын Андорраға қарсы түзде өткізеді. Кездесу 9 қазанға жоспарланған.