08.09.2025 01:30
Қазақстан ірі есеппен жеңіліс тапты
08.09.2025 01:30
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Бельгияға есе жіберді
Андерлехттегі «Лотто Парк» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 6:0 есебімен жеңіске жетті. Мұхаммеджан Сейсен қорғаған қақпадан Томас Мёнье, Николас Раскин, Кевин де Брюйне (дубль) және Жереми Доку (дубль) саңылау тапты.
Осылайша, ел құрамасы қыркүйектегі ойындарын жеңіссіз аяқтады. Бұған дейін «Астана Аренада» Уэльске (0:1) жол берген еді.
Бес матчтан кейін үш ұпай жинаған отандастарымыз J тобының төртінші сатысында келеді. Біздің топта Бельгиядан бөлек Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн бар.
Әли Әлиев шәкірттері келесі кездесуін Лихтенштейнге қарсы өз алаңында өткізеді. Елордада болатын кездесу 10 қазанға жоспарланған.