08.09.2025 02:36
Қазақстан құрамасы бас бапкерсіз қалды
08.09.2025 02:36
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өз еркімен орнын босатты
Бұл туралы қазақстандық маман Бельгияға (0:6) қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
— «Бәріне кінәлі – мен. Бар жауапкершілікті өз мойныма аламын. Қазақстанға бара сала арыз жазып, қызметтен кетемін», – деді бас бапкер.
Әлиев ұлттық құрама тізгінін қаңтар айында ұстаған болатын. Осы аралықта команда ресми матчтарда Уэльс (1:3, 0:1), Солтүстік Македония (0:1) және Бельгия (0:6) құрамаларынан жеңіліп, тек Лихтенштейннен (2:1) басым түсті.