06.09.2025 18:40
Қазақстан Шотландияны тізе бүктірді
06.09.2025 18:40
Қазақстан U19 құрамасы шотландиялық қатарластарынан басым түсті
Slovenia Nations Cup-2025 турнирі аясында өткен кездесуде ұлттық командамыз 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Отандастарымыздың арасында Исмаил Бекболат пен Азамат Тұяқбаев гол соғып, көзге түсті.
Осылайша, ел құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Додадағы алғашқы матчта БАӘ (5:1) ұжымын ойсырата жеңген еді.