10.09.2025 02:34

Англия ірі есеппен жеңіске жетті

10.09.2025 02:34

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Англия Сербияны тізе бүктірді

Белградта өткен кездесуде «үш арыстандар» 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ағылшындар сапында Харри Кейн, Нони Мадуэке, Эзри Конса, Марк Гехи және Маркус Рэшфорд қақпа торын тулатты.

Осылайша бес ойында 15 ұпай жинаған Томас Тухель шәкірттері өз тобында жеке дара көш бастады. Сондай-ақ, К тобында Албания, Сербия, Латвия, Андорра құрамалары сынға түсіп жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram