26.09.2025 10:46

Ханси Флик үздік үш бапкердің қатарына қосылды

26.09.2025 10:46

«Барселона» Ла Лиганың 6-турында «Реал Овьедодан» 3:1 есебімен басым түскен еді.

Бұл Ханс-Дитер Флик үшін каталониялықтардың тізгініндегі 50-ші жеңіс болды. Бұл нәтижеге 67 ойында қол жеткізді.

Осылайша 50 жеңіске ең жылдам жеткен «блауграна» бапкерлері арасында 3-орынға жайғасты.

60 жастағы маманның алдында тек Луис Энрике (60 матч) мен Эленио Эрера (64 матч) тұр.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram