25.09.2025 16:11
Ковач Беллингемнің аз ойнауына қатысты пікір білдірді
25.09.2025 16:11
«Боруссия» (Дортмунд) бас бапкері Нико Ковач Джоб Беллингемге ойын уақытының аз берілуіне қатысты пікір білдірді.
«Бәрі көбірек ойнағысы келеді. Бәрі толық матч өткізгісі келеді. Олай болса, тек 11 футболшы қалдыру керек қой. Келісімшартқа қол қою тек қомақты жалақы алу деген сөз емес, бәсекелестікке де дайын болу керек», – деді 53 жастағы маман.
Джоб маусымдағы алты матчтың екеуіне негізгі құрамда шықты. Бірақ бірде-бір рет 90 минут ойнамады.
Жалпы мүмкін болған 540 минуттың 203 минутын алаңда өткізген екен.