25.09.2025 15:19
Салиба «Реалға» ауыспайтын болды
25.09.2025 15:19
Уильям Салиба «Арсеналмен» келісімшартын ұзартуға жақын
Дэвид Орнштейн мен Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап ұзақ мерзіміді құжатқа қол қою туралы келісімге келіпті. Жақында клуб ресми түрде хабарлайды екен.
Осыған дейін француз қорғаушысына Мадридтің «Реалы» қызығушылық танытқан еді.
Салиба Лондон клубының намысын 2019 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 139 матч өткізіп, жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.