13.09.2025 15:14

Салиба қатарға оралды

13.09.2025 15:14

«Арсенал» ойыншысы Уильям Салиба жарақатынан айықты

Бас бапкер Микель Артетаның мәліметінше, франциялық қорғаушы кеше топтық жаттығуға қатысыпты.

Енді бүгін Ағылшын Премьер-лигасының 4-туры аясында өтетін «Ноттингем Форестке» қарсы ойында алаңға шығып қалуы бек мүмкін.

Осыған дейін Салиба 3-турдағы «Ливерпульге» қарсы ойында тобық байламының сіңірін созып алып, 5-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.

Айта кетейік, АПЛ-де үш ойыннан кейін алты ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінің 3-сатысында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram