01.09.2025 10:42
Салиба құрамаға бармайды
01.09.2025 10:42
«Арсенал» ойыншысы Уильям Салиба қыркүйектегі Франция құрамасының ойындарына қатыспайды
24-жастағы қорғаушы «Ливерпульге» қарсы ойынның 5-минутында жарақат алып, алаңдағы орнын босатты.
Салиба тобық байламының сіңірін созып алыпты. Осыған байланысты, ұлттық құрама қатарынан шығып қалды.
Оның командадағы орнын басу үшін «Интер» футболшысы Бенжамен Павар шақырту алды.
«Әтештер» қыркүйек айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді.
Алдымен 5 қыркүйекте Украинаға қонаққа барса, араға төрт күн салып, өз алаңында Исландияны қабылдайды.