25.09.2025 10:02
Хулиан Альварес «Атлетикоға» жеңіс сыйлады
25.09.2025 10:02
«Атлетико» Ла Лиганың 6-туры аясындағы матчта «Райо Вальеканоны» 3:2 есебімен жеңді.
Мадридтіктердің үш голын да Хулиан Альварес соғып, Еуропада алғаш рет хет-трик жасады.
«Ривер Плейтте» төрт рет бір ойында 3+ голдан соққан. Тіпті 2022 жылы «Альянса Лимаға» қарсы матчта гекса-трик тіркеген еді.
Ал «Атлетико» мен «Манчестер Сити» сапындағы жалпы 166 ойында 69 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді.