25.09.2025 08:41
Месси дубль жасады
25.09.2025 08:41
АҚШ-тың MLS чемпионаты аясында «Интер Майами» «Нью-Йорк Ситиді» 4:0 есебімен жеңді
Аталған кездесуде Лионель Месси дубль авторы атанса, Луис Суарес пенальтиден гол соқты. Одан бөлек Бальтасар Родригес бір мәрте мергендік танытты.
29 ойында 55 ұпай жинаған «Интер Майами» турнир кестесінде үшінші орында келеді.
Месси биыл жалпы 30 матч өткізіп, 25 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.