26.09.2025 09:52
Серхио Бускетс мансабын аяқтайды
26.09.2025 09:52
37 жастағы жартылай қорғаушы Серхио Бускест маусым соңында мансабына нүкте қоятынын хабарлады.
Бускест жорығын 2005 жылы «Барселонада» бастап, 722 матч өткізген еді. «Блауграна» сапында жалпы 32 трофейге қол жеткізді.
Ал 2023 жылы «Интер Майами» қатарына қосылып, қазірге дейін екі кубок алды.
Сондай-ақ 2009-2022 жылдар аралығында Испания құрамасында ойнап, әлем (2010) және Еуропа (2012) чемпионы атанды.