25.09.2025 18:30
«Ливерпуль» Уго Экитикені жазалады
25.09.2025 18:30
«Ливерпуль» 1/16 финалында «Саутгемптонды» 2:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған еді.
Уго Экитике сол ойынның 53 минутында сары қағаз алған. Кейін 85 минутта гол соғып, жейдесін шешіп тастады. Осыған байланысты екінші сары көрсетіліп, алаңнан қуылған еді.
Енді осы қызыл қағаз үшін мерсисайдтықтардың алдағы бір матчына қатыса алмайды.
Ал Daily Mail хабарлауынша, клуб Экитикеге шара қолданып, екі апталық жалақысынан айырады екен.