25.09.2025 16:45
«Барселона» сапына топ-шабуылшы қосылуы мүмкін
25.09.2025 16:45
Серу Гирасси «Боруссиядан» «Барселонаға» ауысуы мүмкін
Bild мәліметінше, Ханси Флик гвинеялық шабуылшыны өз командасында көргісі келеді.
Дортмундтың клубы футболшысын 65 миллион еуроға бағалап отыр. Трансфер келер жазда орын алуы мүмкін.
Гирасси биылғы маусымда жалпы алты матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.