16.09.2025 10:47
Гирассиге «Алтын бутса» табысталды
16.09.2025 10:47
«Боруссия» ойыншысы Серу Гирассиге «Алтын бутса» табысталды
Гвинеялық шабуылшы Чемпиондар лигасының өткен маусымында 13 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанған еді.
Сондай-ақ, дәл осындай нәтижеге 13 гол соққан «Барселона» дүлдүлі Рафинья да қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, Гирасси бастаған «Боруссия» бүгін, 16 қыркүйекте «Ювентуспен» күш сынасады. Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында өтетін кездесуді Qazaqstan ұлттық телеарнасынан сағат 00:00-де тамашалай аласыздар.