16.09.2025 09:00

Кварацхелия Чемпиондар лигасының 1-турына қатыса ма?

16.09.2025 09:00

ПСЖ ойыншысы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасындағы «Аталантаға» қарсы ойынға қатысуы мүмкін

RMC Sport мәліметінше, Кварацхелия медициналық тексерістен өтіпті. Нәтижесінде, жарақаты соншалықты ауыр емес болып шықты. Алдағы ойындарда алаңға шығуға дайын екен.

Осыған дейін грузиялық вингер Франция Бірінші лигасының 4-турындағы «Лансқа» (1:0) қарсы матчта балтыр бұлшық етін зақымдап алып, 30-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.

Сондай-ақ, бұл матчты париждік клубтың футболшылары Ли Кан Ин мен Лукас Беральдо да жарақатына байланысты жалғастыра алмады.

Айта кетейік, ПСЖ Чемпиондар лигасының 1-туры аясында өз алаңында «Аталантаны» қабылдайды. Кездесу ертең 17 қыркүйекте, «Парк-де-Пренс» стадионында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram