15.09.2025 11:37
ПСЖ-ның үш ойыншысы жарақат алды
15.09.2025 11:37
Франция Бірінші лигасының 4-туры аясындағы «Лансқа» (1:0) қарсы матчта ПСЖ-ның үш бірдей ойыншысы жарақат алды
Атап айтсақ, Хвича Кварацхелия, Лукас Бералдо және Ли Кан Ин жарақат алып, матчты жалғастыра алмады.
Осыған дейін Осман Дембеле бұлшық етін зақымдап, алты аптаға қатардан шыққан еді. Одан бөлек Дезире Дуэ де дәл осындай жарақатпен бір айға жуық уақыт алаңға шыға алмайтын болды.
Париждің клубы екі күннен кейін, 17 қыркүйекте Чемпиондар лигасының алғашқы туры аясында «Аталантамен» күш сынасады. Кездесу «Парк-де-Пренс» стадионында өтеді.