23.08.2025 02:37

9

ПСЖ өз алаңында «Анжені» жеңді

23.08.2025 02:37

9

Франция Бірінші лигасының 2-турында ПСЖ өз алаңында «Анжені» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды 48-минутта Фабиан Руис соқты.

Сондай-ақ, 27-минутта Осман Дембеле пенальтиден мүлт кетті.

Осылайша, париждіктер екінші ойындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін «Нантты» да дәл осындай есеппен тізе бүктірген еді.

Енді Луис Энрике шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі ойынын «Тулузаға» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram