22.08.2025 22:59

11

ӘЧ-2026: жеребе тарту рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

22.08.2025 22:59

11

2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі 5 желтоқсанда өтеді

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Салтанатты шара АҚШ астанасы Вашингтондағы Кеннеди атындағы өнер орталығында ұйымдастырылады.

2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Жаһандық доданың матчтарын 16 қала қабылдайды: Мехико, Гвадалахара, Монтеррей (бәрі — Мексика), Торонто, Ванкувер (екеуі де — Канада), Нью‑Йорк, Филадельфия, Бостон, Атланта, Майами, Хьюстон, Даллас, Лос‑Анджелес, Сан‑Франциско, Канзас‑Сити, Сиэтл (бәрі — АҚШ).

Финал Ист‑Ратерфорд қалашығында орналасқан «Метлайф» стадионында болады.

2026 жылғы әлем чемпионаты – 48 құрама бақ сынайтын тарихтағы алғашқы мундиаль болмақ.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram