08.09.2025 17:56

ПСЖ Барколямен келісімшартты ұзартпақ

08.09.2025 17:56

Брэдли Барколя ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуы мүмкін

Le Parisien мәліметінше, клубтың кеңесшісі Луиш Кампуш франциялық вингермен келіссөзді бастап кетіпті.

Қос тарап 2030 жылдың жазына дейін жарамды жаңа құжатқа қол қоймақ.

Ал қазіргі келісімшарт 2028 жылдың 30 маусымында күшін жояды.

Айта кетейік, Барколя өткен маусымда париждіктердің намысын 64 матчта қорғап, 21 гол мен 21 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram