31.08.2025 02:30

ПСЖ — «Тулуза» матчында тоғыз гол соғылды

31.08.2025 02:30

ПСЖ Франция чемпионатының 3-туры аясында сырт алаңда «Тулузаны» тізе бүктірді

Кескілескен ойын 6:3 есебімен аяқталды.

Париждіктер сапында Жоау Невеш хет-трик авторы атанды. Португалиялық жартылай қорғаушы үш добының екеуін қайшылай теуіп, қақпа торына енгізді. Одан бөлек Осман Дембеле екі рет пенальтиді мүлтіксіз орындаса, Брэдли Барколя бір мәрте мергендік танытты.

Ал алаң иелері құрамында қақпа торын Чарли Крессуэлл, Ян Гбоо және Алексис Восса тулатты.

Осылайша, үш турдан кейін тоғыз ұпай жинаған ПСЖ турнир кестесінде көш бастады.

Луис Энрике шәкірттері келесі ойынын «Лансқа» қарсы өткізеді. «Парк-де-Пренс» стадионында болатын кездесу 14 қыркүйекке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram