11.09.2025 18:08
2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы қайда өтеді?
11.09.2025 18:08
2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалын «Рияд Эйр Метропалитано» стадионы қабылдайтын болды
COPE мәліметінше, UEFA екі қала Баку мен Мадрид арасында таңдау жасапты. Ақыр соңында ақтық кездесуді «Атлетиконың» алаңында өткізу туралы шешімге келген екен.
«Рияд Эйр Метропалитано» стадионы 1990 жылы бой көтерген. Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Бір мезетте құшағына 70 692 жанкүйерді сыйдыра алады.
2019 жылы бұл аренада «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» арасында Чемпиондар лигасының финалы болды. Аталған матчта мерсисайдтықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал биылғы, 2025/26 жылғы маусымның чемпионы Венрия астанасы Будапештте орналасқан «Пушкаш Аренада» анықталады.