04.09.2025 09:13

Чемпиондар лигасында ел намысын кімдер қорғайды?

04.09.2025 09:13

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі белгілі болды

Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Ильдар Меңдіғалиев, Диас Реимов;

Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Офри Арад, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани, Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин, Әкежан Каликулов;

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа, Олжас Байбек, Дан Глазер, Еркін Тапалов, Юг Станоев, Валерий Громыко, Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Азамат Тұяқбаев;

Шабуылшылар: Жоржиньо, Дастан Сәтпаев, Эдмилсон, Рамазан Бағдат, Рикардиньо, Исмаил Бекболат;

Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.

«Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтикті» қапы қалдырып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алған еді.

Енді Алматының ұжымы жалпы кезеңде «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» сынды командалармен шеберлік байқасады.

«Сары-қаралар» турнирдегі алғашқы ойынын «Спортингке» қарсы сырт алаңда өткізеді. Тарихи матч 18 қыркүйекке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram