25.09.2025 16:22

Йылдыз мансабын АПЛ-де жалғастыруы мүмкін

25.09.2025 16:22

Кенан Йылдыз «Ювентустен» «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Goal мәліметінше, Лондонның клубы түркиялық жартылай қорғаушы үшін Леандро Троссарды және қосымша 60 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын.

20 жастағы футболшыны Микель Артета аттай қалап отыр екен.

Йылдыз биылғы маусымда бес матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram