11.09.2025 18:34
Йылдыз – А Сериясының тамыздағы үздік ойыншысы
11.09.2025 18:34
«Ювентус» ойыншысы Кенан Йылдыз А Сериясының тамыздағы үздік ойыншысы атанды
Түркиялық жартылай қорғаушы дауыс беру нәтижесінде Матиас Соуле («Рома»), Скотт Мактоминай («Наполи»), Нико Пас («Комо»), Маркус Тюрам («Интер») және Томас Кристенсенді («Удинезе») шаң қаптырды.
Йылдыз өткен айда Италия чемпионатының екі ойынына қатысып, екі асистті өз есебіне жазған еді.
20 жастағы футболшыға бұл марапат сенбі күні болатын «Интерге» қарсы матчтың алдында табысталмақ.
Екі турдан кейін алты ұпай жинаған турнирдіктер А Сериясының турнир кестесінде «Наполимен» бірге көш бастап келеді.