10.05.2026 10:16
Хамес Родригес жақында мансабын аяқтайды
10.05.2026 10:16
«Миннесота» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес жақында мансабын аяқтайды

As Colombia журналисі Пипе Сьерраның хабарлауынша, 34 жастағы колумбиялық ойыншы Әлем чемпионатынан кейін бутсасын шегеге ілуді жоспарлап отыр және бұл туралы клубына ескертіп қойыпты.
Родригес MLS клубына ақпан айында ауысып келген еді. Содан бері алты матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Ал оған дейін «Реал», «Бавария», «Эвертон», «Порту» да және «Олимпиакос» секілді белгілі командаларда ойнаған.