10.05.2026 09:53
Бүгін Эль-Класико өтеді
10.05.2026 09:53
Бүгін, 10 мамырда Испания Ла Лигасының 35-турында «Барселона» өз алаңында «Реалды» қабылдайды

Бұл тарихтағы 264-ші ресми Эль-Класико болмақ. Осыған дейін «Барселона» 105 рет жеңіске жетсе, «Реал» 107 ойында басым түскен. Қалған 51 матчта тең нәтиже тіркелген.
Осы аралықта жалпы 886 гол соғылыпты. Оның 447-сін «бланкос», ал 439-ын «блауграна» өз есебіне жазған.
12 қаңтарда болған соңғы текетіресте Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Испания Суперкубогын жеңген еді.
Көпшілік тағатсыздана күтіп отырған матч сағат 00:00-де басталады. Басты ойынды Setanta Sports 1 телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.