10.05.2026 00:19

«Галатасарай» Түркия чемпионы атанды

10.05.2026 00:19

Түркия Суперлиганың 33-турында «Галатасарай» өз алаңында «Антальяспорды» 4:2 есебімен тізе бүктірді

Алаң иелерінің сапында Виктор Осимхен дубль жасап, оның біреуін пенальтиден соқты. Сондай-ақ Марио Лемина мен Каан Айхан мергендік танытты.

Осылайша «арыстандар» біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда мезгілінен бұрын Түркияның 26 дүркін чемпионы атанды.

Окан Бүрку шәкірттері соңғы турда 17 мамыр күні «Қасымпашаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram