09.05.2026 23:53

«Бавария» жеңіске жетті

09.05.2026 23:53

Германия Бундеслигасының 33-турында «Бавария» сырт алаңда «Вольфсбургтан» 1:0 есебімен басым түсті

«Фольксваген Аренада» өткен кездесуде жалғыз голды Майкл Олисе 56-минутта соқты. Сондай-ақ 36-минутта Харри Кейн пенальтиден мүлт кетті.

Осылайша Мюнхеннің клубы 86-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басында қалды.

Венсан Компани шәкірттері бұған дейін мезгілінен бұрын чемпион атанып қойған еді. Келесі турда команда 16 мамыр күні «Кёльнді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram