09.05.2026 20:59
«Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты
09.05.2026 20:59
Ағылшын Премьер-лигасының 36-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Сандерлендпен» тең тарқасты

«Стэдиум оф Лайт» аренасында өткен кездесуде гол соғылмай, 0:0 есебі тіркелді.
Осылайша манкуниандықтар 65-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде үшінші орында қалды.
Майкл Кэрриктің шәкірттері келесі турда 17 мамыр күні «Ноттингем Форестті» қабылдайды.