09.05.2026 19:49
Мбаппе «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
09.05.2026 19:49
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, оған «Ливерпуль» қызығушылық танытуда. Егер «Реал» Килианды сатылымға шығаратын болса, Мерсисайдтың клубы оны «жұлып әкетуге» әзір екен. Тіпті осы жазда әрекет етіп көрмек. Бірақ «бланкос» Мбаппені оңай жібере қоймайтыны түсінікті. Одан бөлек 27 жастағы француз форвардына «Арсенал» көз тігіп отыр.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Килианға қарсы «Реал» жанкүйерлері онлайн-петиция ұйымдастырғаны белгілі болған еді. Бейресми дерекке сүйенсек, Мбаппенің кетуін қалайтындардың саны 70 миллионнан асып жығылды.
Мбаппе «Реалға» 2024 жылы ПСЖ-дан еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта 41 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.