09.05.2026 18:26

«Ливерпуль» мен «Челси» тең тарқасты

09.05.2026 18:26

Ағылшын Премьер-лигасының 36-турында «Ливерпуль» мен «Челси» кездесті

Ливерпульдегі «Энфилд» стадионында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 6-минутында Райан Гравенберх алғаш болып гол соқса, 35-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестірді.

Осылайша Мерсисайдтың клубы 59-ұпайын олжалап турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты. Ал Лондонның ұжымы 49 ұпаймен тоғызыншы сатыда қалды.

Келесі турда Арне Слоттың шәкірттері «Астон Виллаға» қонаққа барса, Лиам Росеньордың командасы «Тоттенхэмді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram