09.05.2026 16:19

Каземироның келесі клубын әйелі таңдайды

09.05.2026 16:19

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземироның қай клубқа ауысатынын әйелі Анна Мариана шешеді

The Sun хабарлауынша, 34 жастағы бразилиялық ойыншы әйеліне деген алғысын осылай білдірді. Каземироның отбасы Флоридаға демалысқа жиі барады екен, сондықтан қызығушылық танытып отырған «Интер Майамидің» мүикіндігі мол.

Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Интер», «Порту», «Лос-Анджелес Гэлакси», «Сан-Паулу» және «Әл-Иттихад» секілді клубтар бар.

Каземиро 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда «Манчестер Юнайтедтен» кетеді. Ол осы маусымда 34 матчта тоғыз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram