09.05.2026 11:12

Месси: «Ямаль бұрынғы өзімді еске түсіреді»

09.05.2026 11:12

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси қазіргі таңдағы үздік футболшыны атады

«Қазіргі футболда Ямаль бұрынғы өзімді еске түсіреді. Еш күмәнсіз, Ламин – осы буынның үздігі. Ол қазірдің өзінде бірталай дүние жасады және болашағы әлі алда»,– деді 39 жастағы аргентиналық форвард.

Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Ол осыған дейін сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, емделіп жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram